Басты бетЖаңалықтарҚанат Бозымбаев...

Қанат Бозымбаев Энергетика министрі болып тағайындалды

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын», — делінген жарлықта.

Бозымбаев Павлодар облысының әкімі қызметін 2013 жылдың желтоқсан айынан бері атқырып келді. 2009 жылдың 30 қарашасынан бастап 2013 жылға дейін Жамбыл облысының әкімі болды. Әр жылдары «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті, «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.

Дереккөзnur.kz