Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді, күндіз 15-20 метр болады, кей жерде 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін. Екпіні секундына 30 метрге дейін соғады.
Павлодар, Жамбыл облыстарының бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні секундына 23-28 метр болады. Кей жерде секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Павлодар облысында боран соғады.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде боран болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секунына 25 метрге жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында тұман түсуі ықтимал. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында көктайғақ болады.
Ақмола, Қостанай облыстарының бірқатар аймағында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерде боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймағында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, ауа райына байланысты үш облыста жолдар жабылды.
Қарағанды облысында 24 желтоқсанда сағат 21. 30 бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелді. Павлодар облысында 24 желтоқсанда сағат 23.55 бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша барлық бағыттарға қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, Ақмола облысында да 24 желтоқсанда сағат 23.00 бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша «Екатеринбург-Алматы» (Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумақ, 1330-1353 км) тас жолында қозғалыс шектелген.