Доллар бағасы арзандады

Бейсенбі күнгі саудамен салыстырғанда доллар бағамы 1,76 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға 332,55 теңге, ал ең жоғарысы  333,19 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 122,55 млн долларға жетті.

Айта кетейік, бір күн бұрын доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 334,59 теңге, күндізгі сессияда — 333,7 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 334,13 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 341,2 млн долларды құраған.

Дереккөзkazinform.kz