Астанада жұмыссыздық мәселесі ең төменгі деңгейде

Қалалық Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2017 жылдың III тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,5 (республика бойынша — 4,9%) құрады.

2017 жылғы 15 қараша жағдайына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына бос жұмыс орындарын іздеп 14 588 адам жүгінген. Олардың 8830 адамы немесе 61% жұмыссыздықтан сақтау шараларымен қамтылды. 5181 адам жұмысқа орналастырылды.

«Сондай-ақ 915 адам жастар практикасына жолданды, 215 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Ал 1989 адам қоғамдық жұмыстарына жолданып, 525 адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданды» делінген халықты жұмыспен қамту орталығы таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда халықты жұмыспен қамту орталығына 1128 жұмыс беруші жүгініп өздерінің 9000-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.