«Нұрсұлтан Назарбаев – Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» кітабы жарық көрді

Жаңа кітаптың тұсаукесері Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өтті.

«Бәріміз білетіндей 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланған болатын. Бұл құжат ауқымдылығы мен мазмұнына, алға қойған міндеттеріне қарай Қазақстан тариxының шежіресіне жазылып үлгерді. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 15 желтоқсанда жария еткен «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабында руxани жаңғыруды жаңғыру үдерісінің негізгі бағыты деп көрсеткен. Бұл мақала бір жағынан жаңару үрдістері – саяси реформалар мен экономикалық жаңаруға бастама болған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы Қазақстан xалқына жолдауының мазмұндық жалғасы, екінші жағынан бұл – саяси және экономикалық өзгерістер негізінде қоғамдық сананы жаңғырту арқылы Қазақстан дамуының айрықша бастауы болды», — деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, профессор Зарема Шәукенова.

Оның айтуынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қазақстанда да, шетелде де үлкен қызығушылық тудырып, кең ауқымда талқыланып, қолдау тапқан.

Кітап мәтінімен ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ресми сайты kisi.kz-те танысуға болады.

ДереккөзBaq.kz