Нұрсұлтан Назарбаев жайлы киноэпопея түсіріліп жатыр

Кезекті бөлім «Бейбітшілік кіндігі» деп аталады. Фильмде Ақмоланың қарапайым қаладан жас орда – Астанаға айналуы мен күні бүгінге дейінгі кезеңі туралы баяндалады. Картинада 1994 жылы астананың Ақмолаға ауысып, Астананың қысқа мерзім ішінде күн санап дамып келе жатқанын және үздік әлем астаналары қатарына енгенін көрсетеді.

Жаңа бөлімде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін Талдықорғаннан шақырылған театр және кино актері Мұрат Ахманов ойнайды. Эпопеяның алғашқы төрт бөлімінде Назарбаевтың рөлін Нұрлан Әлімжанов, бесінші бөлімінде – Берік Айтжанов ойнаған.

Эпопеяның алтыншы бөлімін қазақстандық белгілі кинорежиссер Ақан Сатаев түсіріп жатыр. Фильм сценариін Тимур Жақсылықов (Ақан Сатаев екеуі бірлесіп бірнеше фильм шығарған) пен Мәскеудегі кинематография институтын 1980 жылдары бітірген Әділбек Жақсыбеков жазған. Жақсыбеков қазір жоғары лауазымды шенеунік – Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі.

Айта кетейік, Қазақстандық ақпарат агенттіктері үкімет «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігінде» фильмі түсіріліміне бюджеттен 2,3 миллиард теңге (қазіргі айырбас бағамы бойынша 6,8 миллион доллардан асады) бөлді деп хабарлаған.

ДереккөзCentralasian.org