2017 жылы сұранысқа ие болған смартфондар анықталды

Бірінші және екінші орын Samsung өнімдері: Galaxy S8 бен Galaxy S8 Plus-ке бұйырды. Сарапшылар олардың жылдамдығы мен дизайнына жоғары баға берген. Үздік үштікті камера мен дисплейі үшін Google Pixel 2 смартфоны қорытындылады.

iPhone X рейтингте төртінші орынға қойылды. Оған смартфонның өте қымбат бағасы себеп болды. Ал iPhone 8 Plus оныншы орынға жайғасты. Сарапшылар оның дизайнына ескірген деген баға беріп, нарықтағы құнын сынға алды.

Олардан бөлек сұранысқа ие 15 смартфонның қатарында Huawei Mate 10 Pro, Samsung Galaxy Note 8, LG V30, LG G6, OnePlus 5T, Google Pixel 2 XL, Sony Xperia XZ Premium, HTC U11, iPhone 8, Honor 9 бар.