Қазақстанның Тәуелсіздік күні Польшада тойланды

Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, президент әкімшілігінің өкілдері мен кәсіпкерлер қатысы. Онда өз алған польшалық саясаткерлер Қазақстанның халықаралық аренадағы орнын айшықтап, екіжақты серіктестіктің жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Қазақстанның Польшадағы елшісі Марғұлан Баймұхан да өз кезегінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері жайлы баяндады. Өзге де қонақтар жылы лебізін білдіріп, құттықтауын жеткізді.

«Мен Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебіз білдіргім келеді. Сондай-ақ өзара серіктестігіміз кезеңімен дамып келе жатқанын айта кетейін. Экономикалық серіктестікте серпіліс бар. Екі жаққа да тиімді жоғары деңгейдегі іссапарлар да болды»,- деді Польша премьер-министрі кеңсесінің жауапты хатшысы Анна Мария Андерс.

Дереккөз24.kz