Технологиялық жарақтану – жолдаудың алғашқы талабы

Технологиялық жарақтану міндетті түрде қоғамның да күнделікті тіршілігінің автоматизациясымен бірге жүруі тиіс. Озық елдер тауардың өзіндік құнын азайтып қана қоймай, тауарды 3D-принтинг әдісімен жалқы өндіру, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды қатар дамытып жатыр. Елбасы нұсқап көрсеткен осы бағыттар бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

Жолдауда мемлекет басшысы осы бағыттың басты жұмысы ретінде — «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жасақтап, қабылдауды тапсырған еді. Бұл бағдарламаны жасау және жүзеге асыру бойынша басты оператор Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы осы бағдарламаны  жетілдіріп, толықтыруға тағы да уақыт бергенін айтқан. Сол себепті бағдарламаның тиімділігі артып,  пайдасы әлдеқайда артады деген үміт бар.

Ақпарат және коммуникациялар министрі және жалпы, Үкімет үшін — «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының үлкен маңыздылыққа ие боп отыр. 2017 жылдың басында мемлекет басшысы бұл тапсырма бергеннен бері, бағдарлама халықаралық кеңесшілермен бірге әбден зерттелді. Зерттеуге барлық мемлекеттік органдар қатысты. Яғни, цифрландыру мәселесі тек Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне ғана емес, сонымен бірге — ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, инвестициялар және даму министрлігіне, құқық қорғау органдарына да тікелей қатысты. Премьер-министр Б. Сағынтаев бағдарламамен мұқият танысып, қандай бағытта жұмыс жасау керектігін нұсқады. Бағдарламаның сәтті жүеге асуына қоян-қолтық жұмыс істеуге тура келетіні жөнінде барлық меморгандар тарапынан түсіністік бар.

Бұл жолғы нұсқаудың ерекшелігі ретінде – әр ведомствоның өз бағыты бойынша орталық үйлестірушіге тәуелсіз түрде азаматтардың тұрмыстық және қоғамдық сұраныстарын автоматтандыру мүмкіндігін айта аламыз. Айталық, ҚР Сыртқы Істер Министрлігі  «SmartTravelKZ» тегін мобильдік апплетті іске қосып отыр. Оның басты қызметі – шетелге шыққан қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, сондай-ақ шұғыл түрде ақпараттық көмек көрсетіп, қолғабыс болады.

Мобильдік апплет елдер туралы аймақтық ерекшеліктеріне қарай таргеттелген тиімді ақпаратпен, барған елде өзін ұстау нормалары, қауіпті жағдай болған кезде асырылатын іс-шаралар, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтерді қамтиды. Апплеттің көмегімен пайдаланушылар барған елінде санитарлық-эпидемологиялық және қылмыстық ахуал туралы деректерге де ие болады.

«Визалық режим мен шет елдік мемлекетте болу тәртібі жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим туралы жалпы ақпарат азаматтардың ерекше қызығушылығын тудыратынын атай отырып, мобильдік қосымшадан елге кіргізуге және шығаруға тыйым салынған заттар, баж төлемей әкелу мен әкету ережелері, кез келген елдердегі малдәрігерлік және фотосанитарлық бақылау туралы деректерді табуға болады», – деп хабарлады ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін мобильдік апплетте шет елдердегі сақтандыру, медициналық қызмет жөнінде кеңестер, төтенше жағдайлардағы әрекеттер, пайдалы телефон нөмірлері, қазақстандық көлікпен тасымалдаушылары өкілдерінің байланыс деректері, сонымен қатар, медициналық және адвокаттық мекемелер бойынша ұсыныс беру сипатындағы ақпарат бар. Аталған апплетті пайдаланушылардың сол елдердегі Қазақстанның консулымен байланыса алатынын және онлайн режимде төтенше жағдайлар бойынша консулдық көмек алуға болады.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Құқық қорғау және арнаулы органдардың ақпараттық  бірегей жүйесі алғаш рет жасалып, ол 26 мемлекеттік органның 75 түрлі деректер қорын біріктіріп отыр. Бұл бірегей жүйе құжаттау, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, азаматтық хал актілері, әкімшілік құқық  бұзушылық жасау, мемлекеттік органдарға сұраулар, мемлкеттік сатып алу және т.б.туралы мәліметтер алуға мүмкіндіктер береді.

Бүгінгі күні статистикалық есеп беру және арнайы еспке алуды жүргізуді қалыптастыру үдерістерін автоматтандыру бойынша кезеңді жұмыстар жүргізілуде. Бұл құқықтық статистика субъектілерінің қызметкерлеріне өз жұмыс орнында отырып-ақ қағазбастылыққа салынбай электронды есепке алу қалыптарын толтыруға мүмкіндік береді.

Мұндай мүмкіндіктер жеке және заңды тұлғаларға да ұсынылады. Олар Комитет порталы арқылы  өзіне қатысты, сондай-ақ нақты уақыт тәртібінде еліміздегі қылмыстылық пен жол апатының жай-күйі туралы түрлі ақпарттар ала алады.  Мысалы, электронды цифрлі қолтаңба болған жағдайда азаматтар  әкімшілік айыппұлы немесе атқарушы өндіріс бойынша берешегі туралы мәліметтерді тексеріп,  соттылық туралы анықтама ала алады, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берген өз өтінішінің қаралу барысын қадағалап, электронды түрде өтініш те бере алады.