Сағындықов Сейдакім Х Президенттік олимпиадада жүлдегер атанды

Талдықорған қаласының Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 11 сынып оқушысы Сағындықов Сейдакім химия пәні бойынша Қарағанды облысының Теміртау қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерінен олимпиадада III орынды иеленді.

Жалпы, Алматы облысының намысын қорғауға үш оқушы қатысты. Олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Жарыста химия пәні бойынша 166 оқушы білімдерін сынап, қорытынды бойынша Сағындықов Сейдакім I орынды алды.

«Президенттік Олимпиадаға қатысу үшін дайындығымды 11 сыныптан бастадым, бәрі әділ түрде өткізілді. Физика, математика пәндерінен қиналған сұрақтарым болды. Бірақ, бар білімімді көрсетуге тырыстым. Ендігі арманым Назарбаев университетіне түсу», — деді С.Сағындықов.

Сондай-ақ, химия пән мұғалімі С. Әмір өз пікірін білдірді.

-Оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық түрлі шараларға қатысып, өз білімділігін, талантын жоғары дәрежеде көрсетуде. Химия пәні 8 сыныптан бастап оқытыла бастағанымен, ойлау қабілеті жақсы, дарынды оқушыларды 7 сыныптан бастап олимпиадаға дайындауды бастаймыз. Жылына екі рет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетінің проффессоры Құрманғали Бекішевпен дайындық жұмыстарын өткізіп тұрамыз, — деп қорытындылады ол.