Google Қазақстандағы 2017 жылғы топ-сұрауларды ұсынады

Өтіп бара жатқан жылдың іздеу сұрауларының көшбасшысы «Тақтар ойыны. 7-ші маусым», сондай-ақ бірінші ондықта бірден үш комедиялық хикая – «Ольга», «Дене шынықтырушы» және «Элеон мейманханасы» болды. Бұдан басқа, қазақстандық Google пайдаланушыларын 2017 жылдың жаңа фильмдері, Димаш Құдайбергеновтың шығармашылығы, электронды күнделік, «Форсаж 8» фильмі, «Экстрасенстер шайқасы» телешоуының 18-ші маусымы және осы жылдың ақпанында Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада қызықтырды.

«Жыл адамы» қазақстандықтардың және бүкіл әлемдегі музыка сүюшілерінің жүректерін даусының таңғаларлық диапазонымен жаулаған Димаш Құдайбергенов болды. Екінші жолда – Диана Шурыгина. «Жыл адамы» ондығына қазақстандықтардың сүйікті боксері Геннадий Головкин мен эстрада жұлдызы Ерке Есмахан кірді. Бұдан басқа, қазақстандықтар биыл өмірден өткен Михаил Задорнов, Вера Глаголева, Честер Беннингтон, Олег Яковлев, Дмитрий Марьянов пен Илона Новоселова туралы ақпарат іздеді.

2017 жылы фильмдердің ішінде қазақстандықтарды көбінесе «Форсаж 8» франшизасының жаңа бөлімі қызықтырды. Сонымен бірге бірінші ондыққа «Галактика сақшылары», «Кариб теңізінің пираттары», «Тор: Рагнарёк», «Соңғы батыр» мен «Ғажайып әйел» блокбастерлері кірді. Биыл қазақстандықтар Стивен Кингтің романы бойынша «Ол» фильмінің жаңа нұсқасы, «Аңдар суарылатын аймақ» мультфильмі мен «Тәшкелер»-дің жалғасы туралы ақпарат іздеді. Отандық өндіріс фильмдердің ішінде топ-ондыққа «Қазақша бизнес» комедиясы кірді.

«Жыл хикаясы» санатындағы көшбасшы «Тақтар ойыны»-ның жаңа маусымы болды. Сонымен қатар ондыққа «Ольга», «Дене шынықтырушы», «Элеон мейманханасы», «Универ», «Рублёвкадан келген полицей» комедиялық хикаяларының жалғасы кірді. Бұдан басқа, топта – «Патруль» отандық хикаясы, «Көк теңіз аңыздары» кореялық фантастикалық хикаясы мен теңдессіз Шерлок.

«Жылдың сатып алынған заты» санатында 2017 жылы темір жол билеті жеңімпаз болды; сондай-ақ қазақстандықтар универсиадаға, Экспоға және Дю Солей циркіне билеттер сатып алуға қызығушылық танытты, спиннер, гироскутер, Алматыдан үйлер және кондиционер сатып алуды жоспарлады.

2017 жылы Қазақстанда ең көп салынған сұраулардың толық тізімі келесідей:

Ең көп салынған сұраулар:

  1. Игра престолов 7 сезон
  2. Ольга 2 сезон
  3. Кунделик
  4. Физрук 4 сезон
  5. Фильмы 2017
  6. Универсиада
  7. Димаш Кудайбергенов
  8. Битва экстрасенсов 18 сезон
  9. Форсаж 8
  10. Отель Элеон 3 сезон

Жыл адамы:

  1. Димаш Кудайбергенов
  2. Диана Шурыгина
  3. Честер Беннингтон
  4. Ерке Есмахан
  5. Дмитрий Марьянов
  6. Вера Глаголева
  7. Михаил Задорнов
  8. Геннадий Головкин
  9. Олег Яковлев
  10. Илона Новоселова

Жыл фильмі:

  1. Форсаж 8
  2. Тор Рагнарёк
  3. Оно
  4. Стражи Галактики 2
  5. Пираты Карибского моря 5
  6. Чудо-женщина
  7. Зверопой
  8. Последний богатырь
  9. Тачки 3
  10. Бизнес по-казахски

Жыл хикаясы:

  1. Игра престолов 7 сезон
  2. Ольга 2 сезон
  3. Физрук 4 сезон
  4. Отель Элеон 3 сезон
  5. Молодежка 5 сезон
  6. Легенда синего моря
  7. Патруль 3 сезон
  8. Универ новая общага 12 сезон
  9. Шерлок Холмс 4 сезон
  10. Полицейский с Рублёвки 2

Жылдың сатып алынған заты:

  1. ктж билет
  2. билеты на универсиаду
  3. спиннер
  4. цирк дю Солей Астана
  5. гироскутер
  6. билеты на Экспо
  7. Эйр Астана билет
  8. дом в Алматы
  9. онай
  10. кондиционер

Google іздеу жүйесін пайдаланатын қазақстандықтардың көзімен қарағанда 2017 жыл осындай болды. 2017 жылы әлемнің түрлі елдеріндегі пайдаланушыларды қандай тақырыптар қызықтырғанын Google-дан білу үшін міндетті түрде google.com/2017 сайтына кіріп шығыңыз.

Alphabet Inc. туралы

Ларри Пейдж бен Сергей Брин Google компаниясын 1998 жылдың қыркүйегінде құрды. Бүгінде компанияда дүниежүзі бойынша 50 000-нан аса қызметкер жұмыс істейді, және Google Іздеу, Карталар, AdWords, Gmail, Android, Chrome мен YouTube сынды өнімдер мен платформалардың кең ауқымын ұсынады. 2015 жылдың қазанында Google компаниясы Alphabet холдингтік компаниясының құрамына кірді. Alphabet-тің миссиясы туралы толығырақ ақпаратты мына жерден алуға болады.