Денис Тен Қысқы Универсиадаға қатысады

«Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев АҚШ-та жеке бапкерлермен жаттығып жатыр, ал әйелдер құрамасындағы Айза Иманбек пен Регина Глазман Алматыда дайындалуда», — деді мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова.

Бапкер Универсиадада Айза Иманбектің он үздік спортшы қатарына енетініне сенімді. АЛ, Денис Тен — алтынға үміткер. «Біз алдағы Универсиада-2017 ойындарында медальдар жеңіп алуға тырысамыз. Алтын жүлдеге негізгі үміткер Денис Тен, ол студенттік ойындарға қатысуға шешім қабылдады және қазір дайындық үстінде», — деді Құралай Узурова.

Айта кетейік, алдағы Универсиада 2017 ойындарына мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық 10 спортшы қатысады.

ДереккөзҚазАқпарат