Басты бетЖаңалықтарАлмас Өтешов...

Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаевтан табылған допингтің күші қандай?

Есетеріңізде болса, «Д» туралы IWF-ның ресми сайты жариялаған еді. Өтешов пен Қыдырбаевтан бөлек Ермек Өміртайдың да қанынан рұқсат етілмеген препараттың ізі табылған.

Алғашқы тексерістен кейін спортшылардың қанынан Chlorodehydromethyltestosterone(хлородегидромезултестостерон) препаратының табылғаны мәлім болды.

Бұл препарат алғаш рет 1960 жылдары Германиядағы «Jenapharm» фармацевтикалық фабрикасында жасала бастаған. Одан кейін бұл препаратты 1968 жылы Мексикада өткен Олимпиада ойындарында кәсіби спортшылар күш қолданатын спорт түрлеріне (ядро лақтыру, сприт жарысы, жүзу және ауыр атлетика) кеңінен пайдаланған еді. 1970-1980 жылдары бұл препаратты кәсіби спортшылардың пайдалануы жиілей бастады. Препарат 1974 жылы Германиядағы арнайы зертханада 13 жастағы балаға жасырын түрде сынақтан өткізілген. Кейінірек 1994 жылы «Jenapharm» фабрикасы бірнеше сынақтардың нәтижесін қорытындылай келе бұл препараттың адам ағзасына зиян екенін анықтап, ашық түрде қолдануға тиым салған еді.

ПРЕПАРАТТЫҢ ӘСЕРІ

Препаратты қолданғаннан кейін адам ағзасы ұзақ уақытқа дейін белсенді түрде жұмыс жасайды. Ас қорыту процессі жылдам жұмыс жасап, салмақ қосуға мүмкіндік береді. Препараттың негізгі әсері бұлшық еттің жылдам жетілуіне әсер етіп, артық күш алуға мүмкіндік береді. Бұл препаратты қолданғаннан кейін адамның буындары тез қатайып, сүйектің майысып кетуінің алдын алады. Одан бөлек, препарат әсерінен адам өз аяғын жеңіл сезініп, жылдам күш алуға бейім болады. Бұл көбінесе жеңіл атлетикадағы ұзақ қашықтыққа жүгіретін спортшылар үшін тиімді.

КЕРІ ӘСЕРІ

Әйел адам бұл препаратты көп қолданса оның гормониялық жетілуі ер адам тәріздес өзгереді, дауысы жуандай бастайды және зәр шығаруы процессі өзгереді. Ер адамды бедеулікке алып келеді және ішкі бездердің көбеюіне әсер етеді. Бұл препаратты жас балалардың қолдануына қатаң тиым салынған. Себебі барлық сынақтың нәтижесі бойдың өсуін тоқтататынын көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұл препарат WADA шешімімен қолдануға тыйым салынған.

ДереккөзАламан