Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қырғыз үкіметіне бес талап қойды

«Қазақстан Үкіметі қырғыз тарапының бес принципті бағыт бойынша сындарлы ұстанымына үміт артады»,- деді Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының айтуынша, олар:

  1. салықтық әкімшіліктендіру бойынша Қырғыз Республикасы ұлттық заңнама нормаларын ЕАЭО құқығымен сәйкестендіруі керек;
  2. заңсыз экспортқа, оның ішінде контрафактілік өнімдердің экспортына қарсы іс-қимыл;
  3. ЕАЭО талаптарын сақтау үшін қырғыз тарапының тауарларды тұрақты және тиімді ветеринарлық-санитарлық және фитосанитарлық (карантиндік) бақылаумен қамтамасыз етуі;
  4. қырғыз тарапы экономикалық одаққа мүше елдердің көліктік заңнамасын бұзудың алдын алу және ескерту бойынша шара қабылдауы шарт;
  5. контрабанда мен қазақ-қырғыз шекарасы арқылы есірткі заттарын, қару-жарақ, оқ-дәрі және өзге де тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдауға жол бермеу.

«Осылайша, біз өзіміздің ұлттық мүдделерімізді ғана емес, ЕАЭО кеңістігінің экономикалық мүдделер мен экономикалық қауіпсіздігін қорғаудамыз», — деді Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысы сөзін толықтыра келе, алдағы уақытта да қырғызстандық әріптестерге ЕАЭО құқығы мен нормаларына бейімделуге көмек көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

«Біз екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен шекаралық, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшіліктендірудегі өзара әрекеттестік мәселелері бойынша сындарлы диалогқа дайынбыз. Алдағы уақытта да қырғызстандық әріптестерге ЕАЭО құқығы мен нормаларына бейімделуге көмек көрсетуге әзірміз», — деп атап өтті Премьер-министр.

ДереккөзInform.kz