Қазақстан Олимпиада ойындарынан бас тарта ма?

ХОК-тың атқару комитеті сейсенбі күін Реседің олимпиада комитетін шеттеу туралы шешім шығарған. Сонымен қатар, ресейлік спортшыларға 2018 жылы Пхенчханда өтетін ойындарға Олимпиада туымен қатысуға рұқсат берілгені айтылады. Айтуларынша, Олимпиада ойындарына «таза» ресейлік спортшылар ғана қатыса алады. «Сіздерге ниеттестіктеріңізді білдіріп, Ресей құрамасы қатыса алмаса Олимпиада ойындарынан бас тартуларыңызды сұраймын», — делінген Милоновтың үндеуінде.

Депутаттың сөзінше, мұның саяси астары бар. Қазір Ресейді жан жақтан қыспаққа алып жатыр, ал америкалық және еуропалық санкциялар саясатқа еш қатысы жоқ салаларға зардабын тигізіп отыр.

«Біздің елдердің әрқайсы өзінше солтүстік атлантикалық империализм зардабын көріп отыр. АҚШ пен оның қолшоқпарлары біздің елдерге әр уақытта саяси қысым мен экономикалық бопса көрсетті. Бүгін Сэм ағайдың көзіне Ресей түрткі болып отыр. Бірақ ертең Батыстың адуыны сіздердің Отандарыңызға ызғарын тигізіп, намыстарыңызды таптамасына кепілдік қайда?», — деген екен парламентарий.

Депутаттың сөзінше, ХОК-тың бұл амалы Олимпиада ойындарының қысым көрсету құралына айналып бара жатқанын анық көрсетеді.

Дереккөзtengrinews.kz