Назарбаев Зияткерлік мектептерінің конференциясының бағыттары айқындалды

Дербес білім беру ұйымы халықаралық конференциясын өткізу Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін игі дәстүрге айналып, тәжірибе, пікір және әлемдік жаһандану жағдайында білімді дамытуға жаңа мүмкіндіктермен алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған. Жыл сайын Конференцияға қазақстандық және халықаралық білім беру ұйымдарының және академиялық жұртшылықтың шамамен 600-800 өкілі қатысады.

Жеті жылдың ішінде Конференция білім беру саласындағы ең маңызды көкейкесті мәселелерін талқылайтын іс-шара мәртебесіне ие болды. Биыл конференция жұмысы халықаралық білім беру контекстіндегі құндылықтарды дамытуға бағытталған оқыту, оқушылардың әл-ауқаттылығы, жеке қасиеттерінің дамуы, өзгерістер мен инновацияларды енгізу сияқты мәселелерді қамтыды.

Бұдан басқа, Зияткерлік мектептердегі оқыту мен тәрбиелеу жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады және Конференцияның осы мәселеге қатысты алатын орнын жоғары бағаламау мүмкін емес. 2016 жылы Дербес білім беру ұйымы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының  «Білім беру 2030» атты жобасын іске асырудағы Қазақстан бойынша ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалды. Ауқымды тәжірибеге әрі білім беру саласын реформалау бойынша озық идеяларға ие ғылымдар мен практиктердің басын қосатын Конференция Қазақстанның білім беру жүйесінің және әлемдік қоғамдастықтың дамуына үлкен үлесін тигізеді.

Өткен Конференцияларға қатысқан білім беру саласындағы инновацияға елеулі үлес қосқандардың арасында келесі сарапшыларды атап өтуге болады: Дэвид Бриджес, Колин Маклафлин, Роз МакЛеллан, Элейн Уилсон, Лиз Уинтер, Кембридж университетінің профессорлары.

Қазақстанның орта білім беру саласында зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде Кембридж университетінің баспасынан еліміздегі мектеп реформалары жөнінде алғаш кітап жарық көрді; Питер Мехисто (Эстония), Фред Геннеси (Канада) және Хьюго Бетенс-Бедсмур (Бельгия), көптілді білім беруді енгізу бойынша сарапшылар, Зияткерлік мектептерде үштілді оқыту жүйесін дамыту үдерісіне ат салысты; Джон Эллиотт (Ұлыбритания), Мэрит Ховейд (Норвегия), Ивета Силова (АҚШ), ғылыми әлеуетті дамытуда қолдау көрсететін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Ғылыми-консультациялық кеңесінің мүшелері; Алан Руби, Пенсильвания университетінің халықаралық білім беру саласындағы аға ғылыми қызметкері, Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебін құруға және Зияткерлік мектептердің білім беру саясатын дамытуға үлес қосқан; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының әлемге танымал CTY International (АҚШ), CiTO (Нидерланд), CIE (Ұлыбритания), CIS (Нидерланд), HAMK және JAMK (Финляндия) және т.б. халықаралық серіктестерінің сарапшылары; Білім берудің болашағы үшін концептуалды жиектемелерді құрастырушылар, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (Франция) аға талдаушысы Михо Тагума, СКОЛКОВО Мәскеулік басқару мектебінің тәжірибе профессоры Павел Лукша (Ресей Федерациясы) бар. Сонымен қатар аты әлемге танымал халықаралық сарапшылар: Уильям Шмидт (АҚШ), Гордон Стобарт (Ұлыбритания), Дэвид Ламберт (Ұлыбритания), Патрик Грифин (Австралия), Том Хсу (АҚШ), Ричард Фэлпс (АҚШ), Гунтер Марис (Нидерланд), Алехандро Адлер (АҚШ), Тошия Чичибу (Жапония), Хироюка Куно (Жапония) және т.б.

2016 жылдың Конференциясына әлемнің 22 елінен (АҚШ, Канада, Мексика, Ямайка, Ұлыбритания, Испания, Франция, Нидерланд, Германия, Польша, Чехия, Венгрия, Эстония, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәджікстан, Қытай, Пәкістан, Индия, Жапония және Австралия) 190-нан астам қазақстандық және халықаралық ұйымның  өкілдері, сонымен қатар 20-дан астам білім беру саласындағы аса көрнекті халықаралық сарапшылар қатысқан болатын.

Секциялық отырыстарда түрлі форматтағы 160-тан астам презентация тыңдарман назарына ұсынылды. Оқылған баяндамалар бойынша материалдар Конференция сайтында қолжетімді.

Конференция аясында ұйымдастырылған білім беру ресурстарының көрмесінде халықаралық және отандық ұйымдардың өнімдері ұсынылды.

Биылғы жылдың Конференциясында өзінің қатысуын растаған төмендегі халықаралық спикерлердің баяндама оқуы жоспарланған еді: Юри Белфали, ЫЭДҰ Білім департаменті Ерте балалық шақ пен мектептер бөлімінің жетекшісі (Франция), PISA (Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама) және TALIS (Оқу мен оқыту сұрақтары бойынша халықаралық зерттеу бағдарламасы) кең ауқымды зерттеулерінің үйлестірушісі; Тим Оутс, Кембридж Университетінің емтихандық кеңес бөлімшесінің зерттеулер және әзірлемелер тобының басқарушысы (Ұлыбритания), куррикулум және бағалау саласындағы сарапшы, ұзақ жылдар бойы Ұлыбритания Үкіметіне білім беру саласындағы саясат пен реформалар бойынша консультациялар өткізген; Ян Ванг, Ұлттық педагогикалық институтының Халықаралық тәжірибе алмасу департаментінің директоры (Қытай), «Үлкен жиырма елдеріндегі білім берудің трендтері» еңбегінің, білім беру саласындағы отыздан астам сапалы және сандық зерттеулердің авторы; Фил Ламберт, Сидней университеті Білім мен әлеуметтік қызмет мектебінің профессоры (Австралия); Сидней білім департаментінің жетекшісі болған кезде, мектеп көрсеткіштері әлдеқайда жоғарылаған болатын; Гордон Ньюфелд, Ньюфелд Институтының негізін қалаушы (Канада), жастық психологияның жетекші өкілі, «Не упускайте своих детей» бестселлерінің авторы. 20 жыл бойы Британдық Колумбия Университетінде жеке тұлға теориясы, даму психологиясы және ата-ана-бала қарым-қатынасы бойынша оқу курстарында дәріс оқыған; Кэролин Адамс, Халықаралық Бакалавриат ұйымының стратегиялық даму мен жүзеге асыру бойынша директоры, бағалау мен куррикулумды дамыту саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар;  Хари Энтони Патринос, Білім саласындағы инвестицияның қайтарымдылығы мен экономикалық көрсеткіштері саласындағы Дүниежүзілік банктың Білім бөлімінің маманы. «Жаңа экономика жағдайындағы өмір бойы білім алу» баяндамасы бас авторларының бірі және академиялық және саяси тақырыптарға жазылған басылымдардың, соның ішінде ғылыми журналдарда жарық көрген 40-тан астам мақаланың авторы.

Сонымен қатар, білім беру мен психология саласындағы жетекші сарапшылардың, атап айтқанда, Гарвард университеті профессоры Паси Салберг, Стэнфорд университетінің профессоры Линда-Дарлинг Хаммонд, Сингапурдағы Ұлттық білім институтының басқарушысы Он Сенг Тан және де Пенсильвания университеті профессоры Мартин Селигман баяндама оқыды.

Өткен жылдағыдай, осы жылы да Конференцияда баяндама оқуға өтініш онлайн жүйе арқылы қабылданып, одан кейін Дербес білім беру ұйымы Академиядық комитетімен қарастырылды. Конференция қатысушылары үшін тіркелу үдерісі де онлайн түрде жүзеге асты.

Конференция түрлі формат арқылы жүзеге асты: негізгі баяндамалар, презентациялар, дөңгелек үстелдер, панельдік талқылаулар, семинарлар, постер сессия мен білім беру ресурстарының көрмесі.

Білім беру жүйесін жетілдірудегі ең пәрменді түрткінің бірі ретіндегі Конференцияны өткізудің маңыздылығын ескере отырып, идеяларымен және өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуге ниет білдіретін Сіздің ұйымыңыздың қызметкерлерін Конференция жұмысына қатысуға және/немесе жоғарыда аталған желілік бағыттардың бірі бойынша Конференцияның секциялық отырыстарында баяндама оқуға шақырамыз.