Басты бетЖаңалықтарКөкшетауда жемқорлықпен...

Көкшетауда жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқандарға құрмет көрсетілді

«Достар» мәдениет сарайында өткізілген шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен шарада биылғы жылдың 1 сәуірінен 9 қарашасы аралығында  облысымыздың барлық өңірлерінде өткен «Адал жол – Честный путь» форумының қорытындылары шығарылып, белсенділігімен көзге түскендер арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Жемқорлыққа қарсы бейнероликтер түсірілімі байқауы бойынша жеңімпаз атанғандардың қатарында Көкшетау қаласындағы №3 көп тілде оқытатын мектеп-гимназиясы, №1 Балкашин орта мектебі бар. Өңірлер арасынан Жарқайың ауданы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталса, Есіл және Қорғалжын аудандары екінші, үшінші сатыдан көрінді. ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов жыл басынан бергі қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бағытындағы атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Бүгінгі күнге дейін 33 мыңдай адамды қамтыған 437 шара өткізіліп, мектептерде жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттайтын 195 балалар клубы жұмыс істеп келген.