Ақмола облысы әкімі тұрғындарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнi — мемлекеттiк мерекесiмен шын жүректен жолдаған құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тәуелсiздiк таңы арай шашқанда, сол бiр тарихи күндерi Қазақстан халқы тұңғыш рет мемлекет басшысын сайлап алып, өздерiнiң тағдырын, елiмiздiң тағдырын сенiп тапсырды.

Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентiмiз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың басшылығымен бағалы бастамалар, кең ауқымды реформалар толассыз жүзеге асырылып, мемлекетiмiздiң экономикасы жаңа сипатпен қарқынды дами бастады. Бiздiң Президентiмiздiң көреген саясатының арқасында Қазақстан Орталық Азия өңiрiнде, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығында және халықаралық аренада алдыңғы қатарға шықты. Ұлтаралық бiрлiк пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықтың қазақстандық нұсқасы әлемнiң көптеген елдерiне үлгi бола алады.

Бүгiнгi күнi «Қазақстан-2050» Стратегиясы бағытында бiз елiмiздiң үшiншi жаңғыруын жүзеге асыра отырып, ауқымды бәсекелестiктiң нәтижесiнде әлемдегi дамыған отыз елдiң қатарына қосылуға ұмтылудамыз. Қазақстанның экономикалық және саяси жаңғырылуын жүзеге асыруда «Рухани жаңғыру» Елбасы бағдарламасының жалпы мемлекеттiк мәнi өте зор. Халықтың рухани құндылықтарын сақтап, молайту жарқын болашақтың кепiлi.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев нақты әрi қолжетiмдi мақсаттар қоя отырып, өзiнiң стратегиялық таланты мен көшбасшылық көрегендiгiн тағы да айқын аңғартып отыр.

Ақмола облысының тұрғындары мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына лайықты үлес қосатындығына кәмiл сенемiн.

Құрметтi жерлестер! Сiздерге шын жүректен мықты денсаулық, отбасына береке, бейбiтшiлiк пен жақсылық тiлеймiн.

Құрметпен,
Мәлiк МЫРЗАЛИН,
Ақмола облысының әкiмi.