Төрт томдық этнографиялық кітап жарық көрді

Этнографиялық әдеби туындының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов. Онда халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбиесін айқын көрсетілген.

«Осы кітап 10 жылға жуық уақытымды алды. Енді бұл кітапты дайындаудағы негізгі мақсат – ұлтқа қызмет ету. Елбасымыздың жуырда жарық көрген «Рухани жаңғыру», «Ұлттық код»  деген ұлттық мәселе түгелімен осы кітаптың өн-бойынан табылады деп ойлаймын. Негізгі мақсат – жастарымыздың мемлекетшілдігін ояту. Жастар мемлекетшіл болмайынша ұлы ұлт болып қалыптасу қиын болады деп ойлаймын. Енді бұның 5-ші томы бар», -деді кітап авторы Қасымхан Бегманов.

Дереккөз24.kz