Астанада хоккей жұлдыздары бас қосады

«Астана Континенталды хоккей лигасының ең үздік ойыншыларын өзінде қабылдауға құқығына ие болды. Астананың бірегей келбеті, оның көптеген көрнекті жерлері КХЛ Жұлдыздар аптасының қонақтарын немқұрайлы қалдырмайды»,- дейді хоккей шоуын ұйымдастырушылар.

Хоккей Жұлдыздары 2018 аптасы «Барыс-Арена» мұз стадионында өтеді. 11 626 көрермен сыятын ультра заманауи спорттық мұз стадионы 2015 жылдың тамызында іске қосылған болатын.

Айта кетейік, «Барыс» хоккей клубы – Лига құрылған сәттен бастап Континенталды хоккей ликгасының (КХЛ) өзгермейтін қатысушысы, оның құрамына көптеген ғажайып шеберлер кіреді. Қазіргі маусымда қазақстандық клуб КХЛ Шығыс конференциясы көшбасшылары қатарында тұр.

ДереккөзAllstarweek.com