Қазақстанда 56 жер учаскесінің қойнауын пайдалану құқығы сатылды

Аукционға барлығы 109 жер учаскесі қойылды. Соның ішінде пайдалы қазбалар бойынша: 45 алтын, оның 43-і барлауға және 2-еуі өндіруге арналған жер қойнауы; 45 түсті металдар, оның 3-еуі өндіруге және 42-сі барлауға арналған; 7 қара металл, барлығы барлауға арналған; 3 сирек кездесетін металл, оның 1-еуі өндіруге және 2-еуі барлауға арналған; 9 өзге де пайдалы қазбаларға қатысты (графит, кварцит, емдік балшық, хризопраз, флюорит, халцедон, бұрғылау кені), оның 6-ауы өндіруге және 3-еуі барлауға арналған.

Аукционға геологиялық барлау жұмыстарын қажет ететін  жер қойнауы учаскелері шығарылды.

Өтініштерді қабылдау 2017 жылғы 27 қараша күні аяқталды.

Аукционға 58 жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған 50  және 9 өндіру нысандарын қосқанда, барлығы 101 компания қатыстырылды.

Жеңімпазды анықтаудың жалғыз және басты шарты — қатысушылар ұсынған қол қойылған бонус мөлшерінің неғұрлым көп болуы болды.

Жалпы көлемі 100 млн астам теңгені құрайтын, 58 жер қойнауы учаскесінің ішінен 56 жер учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жалпы қол қойылған бонус 4 млрд. теңгеге дейінгі соманы құрады.

Аукцион жеңімпазымен жалпы мерзімі 6 жылды құрайтын келісімшарт жасалады. Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы келісімшарт аумағын келісімшартта көзделген мақсатта ғана пайдалануы тиіс.

Аукционнан геология саласына инвестиция тарту, Қазақстан Республикасы аумағында геологиялық зерттелуді жоғарылату, Республикалық және жергілікті бюджетке салықтық төлемдер, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті қамтуды дамыту, жергілікті халық ішінен мамандарды оқыту және қайта даярлау, қайта өңдеуші кәсіпорындарды бәсекелестікке даярлау сынды  әлеуметтік-экономикалық пайда күтілуде.

ДереккөзInform.kz