Осыған ұқсас «Astana Bike» жобасы елорданың тұрғындары мен қонақтары арасында сұранысқа ие. Өйткені қолданылуда тиімді, әрі бағасы да қолжетімді. Астанада қазірде 1000 велосипед және 150 станса бар. Қолданушылар саны 2 мыңнан асады. Ал Шымкентте ауа райының қолайлығына байланысты аталмыш жоба жыл бойы жүзеге асады.
Баспасөз мәслихатында және веложарыстың ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, Қазақстан Велоспорт федерациясының вице-президенті, «Астана» президенттік кәсіби клубының атқарушы директоры Аманбек Кульчиков, велоспорттан олимпиада чемпионы және әлем чемпионы, «Astana Women’s Team»әйелдер велокомандасының бас менеджері Зульфия Забирова және «Velocity» Қоғамдық қорының техникалық директоры Ерлан Жамалов қатысады.
Нұршат Төкен