Басты бет / Жаңалықтар /
Қазақстан ұлттық құрмасы РИО 2016

Қазақстан құрамасының РИО 2016 киетін олимпиялық формасы бекітілді

«Әйелдердің парадқа киіп шығатын формасы бекітілді. Жеңі өзгертілді — ол үштен бір бөлігі болады және белдігі өзгеріске түсті. Әйелдердің пиджагы басқа түсте болады. Бастапқыда ол ерлердікіндей көк болған. Енді керісінше. Әйелдер пиджагының түсі ашық сарғыш — ер адамдардың шалбары осы түсте болады. Ал белдемше ер адамдардың пиджагындай көк. Бұл соңғы нұсқасы. Енді ештеңе өзгермейді», — деді Шишигина.

4cbd689b9e5d73eacd718bc6a43467d9 Қазақстан құрамасының РИО 2016 киетін олимпиялық формасы бекітілдіФорманың бастапқы нұсқасы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазақстандық спортшылар киетін спорт формасы мақұлданды. «Бүгін спорт киімін де бекіттік. Түстер реңкін өзгерттік. Енді форманың түсі ақ және көк түстерде», — деді Шишигина. Оның айтуынша, комиссия өзгертілген формаға бір ауыздан дауыс берген.

86763e37b6f0a07fd1a3cb70af6b73dc Қазақстан құрамасының РИО 2016 киетін олимпиялық формасы бекітілдіФорманың бастапқы нұсқасы.

61cef89c5cfeb7972f1a2cdfbaea112a Қазақстан құрамасының РИО 2016 киетін олимпиялық формасы бекітілдіФорманың бастапқы нұсқасы.

Айта кетейік, осыған дейінгі форма нұсқасы әлеуметтік желілерді кең талқыланып, қолданушылар нұсқаларды сынаған болатын.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз