Қазақстан құрамасының РИО 2016 киетін олимпиялық формасы бекітілді

«Әйелдердің парадқа киіп шығатын формасы бекітілді. Жеңі өзгертілді — ол үштен бір бөлігі болады және белдігі өзгеріске түсті. Әйелдердің пиджагы басқа түсте болады. Бастапқыда ол ерлердікіндей көк болған. Енді керісінше. Әйелдер пиджагының түсі ашық сарғыш — ер адамдардың шалбары осы түсте болады. Ал белдемше ер адамдардың пиджагындай көк. Бұл соңғы нұсқасы. Енді ештеңе өзгермейді», — деді Шишигина.

Форманың бастапқы нұсқасы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қазақстандық спортшылар киетін спорт формасы мақұлданды. «Бүгін спорт киімін де бекіттік. Түстер реңкін өзгерттік. Енді форманың түсі ақ және көк түстерде», — деді Шишигина. Оның айтуынша, комиссия өзгертілген формаға бір ауыздан дауыс берген.

Форманың бастапқы нұсқасы.

Форманың бастапқы нұсқасы.

Айта кетейік, осыған дейінгі форма нұсқасы әлеуметтік желілерді кең талқыланып, қолданушылар нұсқаларды сынаған болатын.

Дереккөзtengrinews.kz