Ғалымдар 65 пен 90 жас аралығындағы 107 егде адамның миына сараптама жасаған. Жүйке тіндерін тиофлавин Т бояуы арқылы сары түсті ету арқылы олар — Альцгеймер сырқатының дамуына байланысты болатын амилоидты шытыраның көптеп жиналатынын байқаған.
Олардың жиналуы ақыл-естің жоғалуымен байланысты болып шыққан, дегенмен, шытыраның жиналуы үнемі ақыл-естің жоғалуына алып келмейді.
Ал гендер экспрессиясын сараптау ақылдың кемуіне ДНҚ белсенділігінің төмендеуі де себеп болатынын көрсеткен. Мидың қартаюына қатысты гендер қатарына жасушаны қуатпен қамтамасыз ететін органеллдердің қызметіне араласатындары кірген.