Ғалымдар миды сканерлеудің жаңа әдісін тапты

Ғалымдар компьютерлік технологияның арқасында миды сканерлеудің жаңа әдісін тапты. Бұл әдіс түрі жүйке дәрігерлері конференциясында көрсетілді.

Гарри Поттер фильміндегі көптеген ерекше көріністер компьютерлік графиканың көмегімен толықтырылған. Лос-Анджелестегі Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары өздерін жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалануға аталған фильм шабыттандырғанын айтады.

Миды сканерлеудің жаңа әдісі бойынша мидың зақымданған бөлігін ғана емес, жүйке жүйесін толық бақылап отыруға мүмкіндік бар. Мұнымен қатар, Юта штатында орналасқан университет мамандары миды виртуалды көзілдіріктер арқылы зерттеуді ұсынып отыр.

ДереккөзBaq.kz