Ми неден қартаяды?

Вашингтондағы Аллен ми зерттеу институтының ғалымдары адам миының қартаюы мен когнитив мүмкіндіктерінің төмендеуі қантамырларына шытыра мен нейрофибриллярлық түйіндердің жиналып қалуынан және гендердің белсенділігінің төмендеуінен болатынын анықтады.

Ми
©pikabu.ru

Ғалымдар 65 пен 90 жас аралығындағы 107 егде адамның миына сараптама жасаған. Жүйке тіндерін тиофлавин Т бояуы арқылы сары түсті ету арқылы олар – Альцгеймер сырқатының дамуына байланысты болатын амилоидты шытыраның көптеп жиналатынын байқаған.

Олардың жиналуы ақыл-естің жоғалуымен байланысты болып шыққан, дегенмен, шытыраның жиналуы үнемі ақыл-естің жоғалуына алып келмейді.

Ал гендер экспрессиясын сараптау ақылдың кемуіне ДНҚ белсенділігінің төмендеуі де себеп болатынын көрсеткен. Мидың қартаюына қатысты гендер қатарына жасушаны қуатпен қамтамасыз ететін органеллдердің қызметіне араласатындары кірген.