Бақыт Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр

Астанада өткен халыққа есеп беру жиынында мемлекеттің қарызы бақылауда тұрғанын және қазіргі бюджет концепциясында 2019-2020 жылдарға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнім көлемінің 1 пайызы көлеміне дейін азайту жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік кепілдендірілген қарызы 2015 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 12,8 миллиард долларды құрағанын хабарлаған.

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімінің жеті пайызын құрайды.

ДереккөзАзаттық