Көкшетаулық «Агрофаки» көңілді тапқырлар клубында жеңіске жетті

Петропавл қаласында өткен шараға əзілдері жарасқан Астана, Көкшетау, Петропавл мен көрші Ресейдің Омбы, Қорған, Уфа жəне Пермь қалаларынан келген 11 команда қатысқан.

Оның ішінде талай мəрте халықаралық фестивальдерде жүлделі орындардан көрініп жүрген Көкшетаулық «Агрофаки» көңілділер мен тапқырлар клубы жігіттерінің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалап, өңір əкімнің кубогімен марапаттады.

Бұл көкшетаулық жайдарманшылардың алғашқы жеңісі емес, осыған дейін халықаралық фестивальдерде өздерінің жарасымды əзілімен талай жүлделі орындардан көрініп келді.

Жақында Ресейдің Энгельс қаласында өткен «Волгадағы FEST» жазғы музыкалық фестивалінде де үздік атанған болатын.