Көкшетауда Қопа көлін балықтандыру шарасы өтті

Шара аясында Зерендi балық питомнигiнде өсiрiлген 13 мыңға жуық ақ амур және 3 мыңға тарта дөңмаңдай балығы көлге жiберiлдi.

Мамандар бұл шара, көлдi табиғи жолмен тазартуға септiгiн тигiзетiнiн айтуда. Облыс әкiмi балықтарды көлге шығарып, мұндай шара көлдi аймақ саналатын Ақмола өңiрi үшiн қажет деп атап өттi.