Петропавлда жолақы қымбаттайды

«СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрайымы  Галина Семенованың айтуынша, тариф барлық есеп бойынша 105 теңгеге дейін ұлғаюы тиіс. Бұған барлық шығындар,  қызметкерлердің жалақысын көтеру  де кірген.

«Қалалықтар үшін бұл сома қалталарына ауыр соғатынын түсінеміз. Сондықтан да келісуде жолақы 80 теңгеге ұсынылды. Бұл солтүстік өңір үшін орташа баға», — деді Галина Семёнова.

Қазіргі уақытта жолақы құны — 65 теңге.  Келісудің барлық қажетті рәсімдері аяқталған соң, тариф 10 наурыздан бастап қымбаттайды.

ДереккөзInform.kz