Не болды?
Ақмола облысы Степногорск қаласында полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан секірмек болған қызды аман алып қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Оқиға бүгін таңғы сағат 06:45 шамасында болған. Тұрғындар көпқабатты үйдің балконында жанжал шығып, қыздың қауіпті жағдайда тұрғаны туралы полицияға хабарлаған.
Алтыншы қабатқа көтерілген тәртіп сақшылары балкон қоршауының сыртында тұрған қыздың секірмек болғанын байқап, құтқарып қалады.
Құтқару сәті жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиғадан кейін қыз дәрігердің қарауына тапсырылды.
Ресми мәлімет бойынша, оқиғаға жеке қарым-қатынасқа байланысты туындаған жанжал себеп болуы мүмкін.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда оқу-жаттығу кезінде полицейлер зардап шекті.
