Көкшетауда «Көкше өнімдері» жобасы басталды

«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ның мəліметі бойынша бүгінгі күні облыс орталығының 20-ға ірі сауда орындары жаңа жобаға қатысып отыр. Алдағы күндері оның қатары тағы артатын болады.

Жалпы, жобаға 13 өнімнің түрін шығаратын 100-ден астам ауыл шаруашылығы туараларын өндірушілерді қатыстыру жоспарланған. Қазірдің өзінде оның 40-қа жуығымен келісімшарт жасалған.