2018 жылғы әлем чемпионатына қатыспайтындар арасында турнир өтуі мүмкін

Турнирге Италия, Голландия, Шотландия, Уэльс және Чили құрама командалары шақырылуы мүмкін.

2018 жылғы әлем чемпионатына қатысатын командалар қатарында турнир қожайыны ретінде автоматты түрде тізімге енген Ресей құрамасынан басқа Бразилия, Иран, Жапония, Мексика, Бельгия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Германия, Англия, Испания, Нигерия, Коста-Рика, Польша, Египет, Исландия, Сербия, Франция, Португалия, Панама, Уругвай, Колумбия, Аргентина, Марокко, Тунис, Сенегал, Швейцария, Хорватия, Швеция, Дания және Австралия құрама командалары бар.

ДереккөзInform.kz