Қазақстандық өнертапқыштың жобасы Германияда қолданылады

«ЭКСПО- 2017» көрмесінде тың бастамасымен талайды таңдай қақтырған Александр Борисенконың жобасы қолданысқа енгізіледі, деп xабарлады «Хабар 24″ арнасының сайты.

Жобаға ең алдымен германиялық тарап қызығушылық танытып, патент иесімен келісім жасады.

«Енді Борисенко Германияда өнеркәсіп ашуға дайындалып жатыр»,- дейді «Энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу қоғамдық палатасы» ЗТБ басшысы Елдос Абақанов.

Жалпы EXPO көрмесі кезінде 140-қа жуық жоба таныстырылды. Энергетика министрлігі солардың 100-ден астамын іріктеп, өндіріске енгізуді көздеп отыр. Ол үшін жергілікті әкімдер мен отандық компанияларға ұсыныс жасалып, ақылды қала, энерготиімділік, инфрақұрылымды дамыту сынды жобалар қолға алынады деген жоспар бар.