«Астана Опера» Италияда өнер көрсетеді

Морис Жаррдың атақты «Париж Құдай анасының соборы» спектаклі көптеген әлемдік сахналарда қойылған. Алайда Генуяда «Астана Опера» балет труппасының орындауы жұртшылыққа алғаш рет ұсынылмақ.

«Эсмеральда» рөлін Әйгерім Бекетаева мен Мәдина Басбаева сомдаса, «КВАЗИ-модо» партиясын Бахтияр Адамжан мен Рустем Сейтбеков орындайды. Әртістер гастрольдік сапар алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр.

Еске сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын сахна шеберлері бұл елде Арам Хачатурянның «Спартак» балетін қойған болатын.

Бахтияр Адамжан, «Астана Опера» театрының жетекші солисі: Қазақ халқы өнер дегенде жан-жақты. Бізде әр ұлтқа ұқсайтын адамдар да бар. Сондықтан оларға үлкен колорит, экзотика болады деп ойлаймын. Өздерінің кейіпкерлерін басқа тұрғыда көру, басқа көзқараспен қарау қызық болатын шығар. Мысалы, біздің мимикамыз бен энергетикамыз да басқа. Труппамыз – жас. Сондықтан мүлдем басқа қойылым болады деп ойлаймын.

Дереккөз24.kz