Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қарағанды,  Ақмола, Қостанай,  Солтүстік Қазақстан облыстарында да тұман мен көктайғақ күтіледі.

Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Алматы облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейіп, қар жауып, ауа температурасы төмендейді.