Ақмола облысында жаңа балабақша ашылды

Балабақшада 80 бала тәрбиеленеді. Мұндағы төрт топтың екеуі мемлекеттік тілде, ал екеуі орыс тілінде білім алады. Әрбір топты кәсіби тәрбиешілер меңгеріп отыр. Екi қабатты ғимаратта орналасқан балабақша iшi жаңа жөндеуден өтіп, заманауи стильде көркемделген.

Сондай-ақ, ағылшын тілі мен би үйірмесін ұйымдастыру  және «Шебер қолдар» үйірмесі жоспарланып отыр.  Төрт мезгіл тамақтанумен қатар, болашақта балаларды автобуспен жеткізу мәселесі қарастырылуда.