Алматы қаласында «Елбасы кітапханасы» ашылды

Жиынның ашылуында ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполов университет базасында ашылған кітапхананың маңыздылығы туралы айтты.

«Жоба аясында біз университет базасында Елбасы кітапханасын ашып отырмыз. Басты мақсатымыз — Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметін үлгі тұтып, жастарды лидерлік қасиетке тәрбиелеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру. Жақында ғана біз Астанадағы Елбасы кітапханасынан Президентіміздің 500 кітабын алдық. Бұл — біз үшін, біздің белсенді жастарымыз үшін үлкен олжа. Бұл кітаптар, біздің жастарымыздың рухани дүниетанамын кеңейтіп, білімдерін толықтыра түседі», — деді ЖОО ректоры.

Айта кетейік, Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасын 10 қарашадан бері өткізіп келеді.

ДереккөзInform.kz