Алматының ондаған көшелерінің атауы өзгертіледі

Алматы әкімдігі ономастикалық комиссиясының шешімі бойынша, Түрксіб ауданындағы Парковая көшесі Нұр Әлем, Алмалы ауданындағы 6-линия көшесі Нұрлы жол, Алатау ауданының «Ақбұлақ» ықшам ауданындағы АЗТМ көшесі Хан Шатыр көшесі деп өзгерту ұсынылған.

Сондай-ақ кейбір көшелерге Совет одағының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовтің, Талғат Бигелдиновтің, суретшілер Сергей Калмыковтің, жазушылар Герольд Бельгердің, Шыңғыс Айтматовтың, әнші Ермек Серкебаевтың және Кенесары ханның есімдері берілмек.

Қайталанатын Абай, Сейфуллин, Мақатаев, Әуезов көшелерінің атауын да өзгерту ұсынылып отыр.

Алматыда сонымен қатар Нұрсая, Алтын адам, Әулиеата, Ер Төстік, Арыстанбаб, Ақмоншақ деп аталатын көше атаулары да пайда болмақ.

Айта кетейік, көше атауларын өзгертуді Алматы тұрғындары 24 қарашаға дейін талқылай алады.

ДереккөзCentralasian.org