Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
«Қазақстан Республикасының президенті туралы» конституциялық заңы
Ақорданың мәліметінше, заң Қазақстан Республикасы президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы вице-президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
Заңның басты жаңалығы – вице-президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және президент айқындаған міндеттерді орындайды, – делінген хабарламада.
