Алматыда американдық спортшылар шеберлік сабағын өткізбек

NBA вице-президенті Дэвид Уоттстың айтуынша, Қазақстан жасөспірімдер лигасы NBA-дің Орталық Азиядағы алғашқы лигасы болады.

«Жасөспірімдер лигасы Астана мен Алматыда ашылады. Әрбір қаладан 30-дан команда жасақталды. Оның 15-і — ұлдар, 15-і — қыздар командасы. Лига ойындары жыл соңына дейін өтеді. Ал финалдық бәсекелер келер жылдың көктемінде Астанада ұйымдастырылады», — дейді ол.

Владимир Радманович пен Тадж МакУильямс-Франклин — NBA-дің айтулы жұлдыздары. Радманович карьерасын Сербияда 1997 жылы бастады. Кейіннен американың «Сиэтл» клубына ауысты. Одан кейін «Лос-Анджелес Лейкерс», «Голден Стэйт Уорриорз», «Атланта» және «Чикаго Буллз» командаларының құрамында өнер көрсетті.

Айта кетейік, Американың Ұлттық баскетбол қауымдастығы (NBA) Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясы және Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен ынтымақтастықта Қазақстанда 2017-2018 жылғы Junior NBA жасөспірімдер баскетбол лигасын ашқан болатын.

ДереккөзInform.kz