Қырғыз билігі әлемдік тәжірибені есепке ала отырып осындай шешімге келген. Алайда, салтанатты шараға Қырғызстандағы барлық елдердің елшілері шақырылады.
Сооронбай Жээнбековтің инаугурациясы 24 қарашада өтеді. Ол 15 қазанда өткен президент сайлауында сайлаушылардың 54 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.
Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың елді басқару мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. 15 қарашада Атамбаев президент ретінде соңғы баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.