Алмазбек Атамбаевқа жауап

Жеткіздік бұған қалай?
Болды ғой ұят жағдай.
Қырғызым, айып етпе.
Айтқанға дәл осылай…

Қимады тақты Бегің,
Құр жүргізді зор билігін.
Қату боп көршісіне
Не пайда өз еліне?

Көршім-ау, алдандың ба,
Пасықтық байқалғанда?
Удай ашты боп тілі,
Арандатқан ел-жұртты.

Падиша сайлаймын деп,
Мазақ еттің бауырыңды.
Момын қазағың шыдар.
Бірақ, бауырластыққа не болар?

Арзан тауар Қытайдан
Тасыдың шекарамнан.
Бұған да көзді жұмып ек.
Көңілді бағаламадың, Бек.

Шекара деп, зарлайсың.
Кеденіңді бақылаймысын?
Сөзбен емес жетекте.
Нақты іспен дәлелде!

Еуразиялық ұйым құрдық,
Болсын пайда ұжымдық.
Кеденің болмай бүтін,
Зиян татады барлық ұжым.

Егемендікті ұран етесін.
Мәскеуге шағым жібересін.
Қазақ не істеді жаман,
Ең жақын сенің ағаң?

Түзеткеннің орнына
Қаусап қалған шаңырағын,
Көмек қолын создырған
Қазақты шетке бірақ қақтың.

100 миллионды менсінбедің.
Намыстандың ба, түсінбедім.
Қазақ жаны ниетке тоқ.
Артық байлық ешкімде жоқ.

Әділ болмады бәрібір
У-шумен өткен сайлауың.
Аман болшы, әйтеуір.
Басқа жоқ саған қаларым.

Бұл жағдайды доғарайық.
Бабалар жолын қуайық.
Қырғыз-қазақ бір туған.
Мәңгі егіз, екі нар!

Әбділмәмбет Адамбай