«Рига-Алматы» әуе рейсі ашылады

Бұл туралы «Жаңа Еуразия: Еуро-азиялық трансқұрлықтық маршруттарда көлік-логистикалық жүйелерді дамыту» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияда Латвия көлік министрлігінің мемлекеттік хатшысы Улдис Рейманис айтты.

«Алдағы жылдан бастап «airBaltic» авиакомпаниясы Алматы қаласы арқылы ұшады. Мұнда «Рига-Алматы» әуе рейсі ашылады. Биыл біз «Bombardier CS 300» ұшағын алдық. Сондай-ақ, Латвия басқа елдермен 60-қа жуық әуе рейсі арқылы байланыс орнатқан», — деді мемлекеттік хатшы.

ДереккөзBaq,kz