Ақмола облысындағы Сандықтау ауданында 18 отбасы пәтерлі болды

Тұрғын үй құрылысы облыстық бюджеттен бөлінген 105,2 миллион теңге қаржыға салынған. Жұмысты  мердігер «Строй Центр Кокшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Бұл ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып отырған алғашқы тұрғын үй. Баспаналы болғандардың арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері жəне соғыс ардагерлері бар.

Соның бірі Белорусь, Латвия, Литва жəне Польшаны азат етуге қатысқан 91 жастағы соғыс ардагері Григорий Черевко өңірде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында алға қойған міндеттері мен «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырылып жатқандықтары үшін облыс басшысына алғысын білдірді.

«Көптен күткен қуанышыма қол жеткізіп отырмын. Жаңа екі бөлмелі пәтердің кілтін алдым», – деді соғыс ардагер.