Ауа райы: қарашада күн суытады

Қараша айында ауа райы тұрақсыз болып, жиі жауын-шашын жауады. Еліміздің көптеген жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады.

Алғашқы онкүндікте ауа температурасы төмендейді.

Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде -6-11 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін суытады.

Оңтүстікте түнде 2-7 градусқа дейін жылы, күндіз 9-14 градусқа дейін жылы.

Қарашаның екінші және үшінші онкүндігі  аралығында күн аздап суытады, ал айдың соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.