Ұйымдастырушы — «Бауыржан» қайырымдылық қоры. «100 қайырымды іс» көрмесінен басталған мерекелік күн қайырымдылық әлемінің басты оқиғаларын қамтиды.
Кешке Нұрғали Нүсіпжанов, «Ұлытау», «Алашұлы», Алишер Каримов, Ситора Назарова және т.б. көрермендерге қуаныш сыйлап мерекелік көңіл-күй сыйлады. Лауреаттардың өмір тынысы мен өмірлік оқиғалары шынымен де әрбір жанның жүрегін елжіретеді.
«Алтын жүрек» сыйлығының негізін салушы Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, биыл бұл сыйлық он бірінші рет табысталды.
«Алтын жүрек»- бұл менің өмірімнің мәні десем болады. 11 жыл қатарынан мен мыңдаған адамдардың жасап жатқан қайырымды істерінің шынайы куәгері болып келемін. Әрбір мейірбан жанға үлкен шексіз алғысымды білдіре олардың алтын жүректеріне бас иемін», — деді ол.
Салтанатты рәсімде «Жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін» номинациясы бойынша Екатерина Яценко лауреат атанды. Екібастұз қаласының тұрғыны Екатерина Яценко мен оның күйеуі Херман Петрович 13 баланы өсіріп, тағы 12 бала тәрбиелеп жатыр. Бүгінгі күні отбасында тек бір бала қамқорлыққа алынған. Қалғандарын Екатерина Яценко өз қамқорлығына алған. Ең бастысы ата – аналар балалардың ешқайсысын бөліп жармай ұлтына да қарамастан бауырына басқан. Олардың отбасыларында өте ауыр ауруға шалдыққан балалар да бар. Жеңімпазға сыйлықты ҚР мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен 2016 жылғы «Алтын жүрек» сыйлығының «Жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанған Рада Хайрушева табыстады.
Шарада Алматы қаласының әкімі Бауыржа́н Байбе́к жеңімпаздарға өз жылы лебізін білдіріп, елімізде «Алтын жүрек» сынды сыйлықтың қоғамда ерекше маңызға ие екендігін баса атап өтті.
«Алтын Жүрек» сыйлығының 2017 жылғы лауреаттары:
1. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
Екатерина Яценко (Екібастұз қаласы, павлодар обл)
- «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы
Мұрат Әділханов (Алматы қ)
- «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы
Біржан Қожақов (Орал қ)
- «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы
«Алматы марафон» қайырымдылық шарасы (Алматы қ)
5.«Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы
Расима Темербаева (Алматы қ)
- «Жыл меценаты» номинациясы бойынша
Сергей Спицын (Алматы қ)
- «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы
Майра Абдрахманова (Алматы қ)
- «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы
Темірлан Шайнүсіпов (Ақтерек ауылы, Алматы обл)
- «Жыл ұйымы» номинациясы
«Kaspi Bank»
- «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы
«28 петель» клубы (Астана қ)
- «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы
Виктория Шарбону, Элизабет Турнок (АҚШ)
Айта кетейік, «Алтын жүрек» жыл сайынғы Ұлттық қоғамдық сыйлығын 11 жыл қатарынан «Бауыржан» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық пен меценаттық идеяларын насихаттау мақсатында Алматы қаласы әкімдігі,«Нұр Отан» партиясы сонымен қатар, «Алтын Қыран» компаниялар тобы мен «ПетроҚазақстан» АҚ қолдауымен өткізіледі.