Көкшетауда құрылыс жұмыстарына 502 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді

Электрмен қамтамасыз ету, жылу өткізу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың есік – терезелері орнатылған. Құрылысты жүргізіп жатқан мекеме «Строй Тех IC» серіктестігі өкілдерінің айтуынша, ендігі кезекте абаттандыру және жабдықтау жұмыстары жүргізілмекші. Құрылыс жұмыстарына қазынадан 502 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.

2018 жылдың бірінші тоқсанда «Сарыарқа» мөлтек ауданында салынып жатқан 8 тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ, «Сарыарқа» мөлтек ауданында 900 орындық мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылысқа мемлекет қазынасынан 1 миллиард 408 миллион теңге бөлінген. Жауапты мердігер компания — «Байсын-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларына бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы қатаң бақылауда, және әлеуметтік маңызы бар әрбір нысанның құрылысы «Нұр Отан» партиясының жіті қадағалауында болмақ.