Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

Бақытжан Сағынтаев Ереван қаласында (Армения) өткен ЕҮАК жұмысына қатысқаннан кейін Ақтауға ұшып келді, деп хабарлайды ресми сайты.

Премьер-министр жұмыс сапары аясында өңірдің жұртшылығымен және активімен облысты дамытудың өзекті мәселелері бойынша, «Атамекен» ҰКП өңірлік кеңесінің мүшелерімен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі бойынша кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Құрық ауылындағы паром кешенінің жұмысымен және кешеннің екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысады, онымен қоса әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралайды.

Облысқа келген бойда, 25 қазан күні кешке, Бақытжан Сағынтаев Ақтаудың шағын аудандарының бірінде «Жаңа Серпін» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында тұрғызылған жатақханаға барды. Аталған бағдарлама жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жұмыссыз халықтың еңбекке жұмылуына жәрдемдесуге бағытталған.

Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттің қолдауымен тұрғызылған «Софи Мед Групп» ЖШС көпбейінді клиникасына барды. Бүгінде мұнда көптеген жалпы және бір жақты бейінді медициналық бағыттар бойынша қызметтер көрсетіледі.